Баланы мақтау туралы
Бала ауланы тап-тұйнақтай етіп тазартып, заттарды ұқыпты жинап қойды. Әрине бұл қуанарлық әрекет. Үндемей қоя саламыз ба әлде мақтаймыз ба?
Әдетте анасы, немесе әкесі: өй қандай молодессің, сен керемет баласың! Осы қаншалықты дұрыс? Ата-ананың ойынша баланы мақтау керек, оның өзіне деген сенімділігін көтеру дұрыс. Бұл дұрыс тәрбие деп ойлайды.
Әрине баланың бұл әрекетін елеусіз қалдырмау керек, бірақ құр мақтау дұрыс емес. Себебі бала мұны қабылдамайды. Неге? Өйткені бала өзінің үнемі соншалықты керемет емес екенін біледі, ол әдетте үнемі ауланы тазалай бермейді... Бірақ ол мақтау үшін ғана әрекет етіп өзі көздеген мақсаты үшін ғана тазалауы мүмкін ғой, соны іші біліп тұрғандықтан оған мұндай жомарт мақтау ұнамауы мүмкін. Себебі шындыққа жанаспайды. Оның ішкі дүниесі жалғандықты қабылдағысы келмейді.
Сонда не істеу керек? Әрине оның еңбегін елеу керек. Бірақ басқаша. Яғни: «Ауланың іші тап-таза болып жайнап кетіпті! Мұндай аулаға кірудің өзі жағымды екен. Әр зат өз орнында. Менің сөзімді сыйлағаның үшін қуанып тұрмын, саған рақмет!» - деген дұрыс болар. Сонда бала өзінің жақсы жұмыс жасағаны үшін өзіне риза болады. Бұл шынында жақсы іс болды, өтірік емес.