Бала тәрбиесіне байланысты Аристотельдің көзқарасы Аристотель (384—322 гг. біздің дәуірімізге дейін.) бала тәрбиесінде үш бағытты: дене шынықтыру, адамгершілік пен интелектуалды маңызды деп көрсетті. Бұл баланың жасына қарай тәрбие берудің мақсаттарын, мазмұнын және әдістерін бөліп көрсеткен алғашқы педагогикалық ой болатын. Егер де сіз Аристотельдің әдісін қолданатын болсаңыз: -- 1. Баланы ерте бастан тәрбиелеуіңіз керек, яғни, балаға білім бергіңіз келсе жергөктен бастағаныңыз дұрыс. 2. Балаға отбасылық тәрбие беруге уақыт бөліңіз. Аристотельдің түсінігі бойынша жеті жасқа дейін бала отбасында тәрбиеленуі тиіс. 3. Баланың дене шынықтыруына аса мән берген жөн. Жеті жасқа дейін бала белсенді өсу процессінде болғандықтан бала үшін басты қағида: тамағы, қимыл-қозғалысы және денесінің шынығуы. 4. Баланың жасына қарай ойындардың маңыздылығы. 5. Балаға көп кітаптар, ертегілер, әңгімелер оқу керек. Оқу барысында баланың тіл байлығы дамиды. 6. 5 жастан бастап ата-анасы баласын мектепке дайындауы міндетті. 7. Балаға музыкалық білім қажет. Музыка арқылы балаға эстетикалық және инабаттылық бағыт беруге болады. Аристотельдің ұстанымы бойынша адамгершілік қағидасына тек ата-анасы ғана баласын баулиды.