Баланы кінәлау мен ұялту
Дін тұрғысынан қарағанда: күнәһар өзі жасаған күнәсін мойындап, көп қайғырып – тазарады, содан соң дұрыс жолға түседі. Ал балаға келсек, мәселе басқаша, баланы «жамансың, оңбағансың» деп қарау дұрыс емес. Оған «оны жақсы көретініңізді, бірақ мына жасаған өрескелдігін қолдамайтыңызды» айтыңыз. Жіберген қатесін түзетуді үйретіңіз. Есейгенде ол олқылығын түзетіп қайтадан араласып жүрген ортада сенімге ие болуға тырысатын болады.
Баланы жақсы көру керек, барлық кемшіліктері бола тұра оны қабылдау керек, оның қателесуіне мұрсат беру керек. Бала өзіне кешіріммен және түсінікпен қарап есейгені өзіне жақсы. Әйтпесе, есейгенде оның ішкі «қатал әкесі» оның өмірінің шырқын кетіреді. «Басқа біреудің көңілінен қалай шығам, менің ісім де өзім де дұрыс емес» деген ішкі күйзелістер өмірінің мәнін бұзады.
Енді қалай баламызды тәрбиелейік дейсіз ғой? Тек сүйіспеншілікпен!
Балаңызды / мейлі оның жасы 2 немесе 42 болсын/ қателігі үшін ұрсып жатсаңыз да «мен сені барлық уақытта жақсы көрем, бәрін де дұрыстауға болады, бәрін де өзгертуге болады. Сенің керемет адам екеніңді жақсы білем», - деу керек. Себебі біздің осындай қолдауымызбен бала өзін - өзі осы түрінде де қабылдауды үйренеді. Бұл сезім өте керек өмірде. Ата-анасы шектен тым қатал болған адамдар өмірде жайбарақат, рахаттанып жасауы қиын, олар үнемі өздерін бақылап, ішкі бақылағышы тыныштық бермей мазасыз күй кешеді.