Тәрбие барысында балаға кінә мен ұят сезімін сіңіру дұрыс па?
Әр отбасы өзінше уникалды: өзінің ұстанымдары мен тәрбиелік қағидалары бар. Бала дүниеге келгенде ата-анасы өздерінің балалық шағында болмағанды баласына бергісі келеді. Өзінің өмірден алған тәжірибелерін ұсынады, өзін жеңіске жеткізген ұтысты ұстанымдары мен білгенін баласына қабылдатып, оны табысты қылам деп ойлайды. Егер баласы қабылдай қоймаса, тіпті қарсы келсе – жазалайтындар да бар. Балаға кінә тағылады, ұятқа шақырылады...
Бұл жерде анығы: баланың жасаған қылығы мен әрекеттері ұятты шығар, бірақ баланың дәл өзі емес. «Сендей ұлым болғанына ұялам», «Сендей болу ұят» - деген сөздер бала үшін : « мен сені жақсы көрмеймін», «сен мен айтқандай болуың керек» - деген информация болып келеді.
Яғни, баланың жасаған жаман қылығын ғана айту керек, бірақ «біз сені жанымыздай жақсы көреміз» деген түсінік беру міндетті.
«Сен жаман баласың», «сендей жаман баланы біз қаламаймыз» деген сөздермен ересектер баладан өз кінәсін мойындағанын талап етеді, өзгереді деп үміттенеді. Бірақ ол өзгермейді, келесі жолы ол сізден жасырын жасайтын болады. Не істеу керек?
Жауап: Баланы ұятқа шақырып, айыптаудың орнына – өз кінәсін түзетуді үйретіңіз. Бұл қасиет келешекте те баланың өмірінде көп пайдалы нәтиже беретін болады.