Тасбақа өліп қалса не істейміз?
Бүгін сәскеде томпылдап Әсия келді, ботадай боздап, көздері қызарып кеткен, жылауын тоқтата алар емес. Анасы: не болды саған, қызым?
- Менің тасбақам өліп қалды. Таңертең ғана тірі болатын!
- Қайғырма, қымбаттым. Ол бар болғаны тасбақа ғой.
- Аааааааа аааааа
- Болды. Жетер енді. Басқасын әперем.
- Ааааааа аааааа Басқасы керек емес.
- Сен қазір не айтарыңды білмей отырсың.
Қызық, қаншама тырысса да, анасы Әсияның көңілін аулап жұбата алар емес.
Осындай жағдай балалы уйде болып тұрады. Әрине мұндай кезде ата-ана не істеуі керек? Болашақта өмірімізде болатын жағдайларда жасайтын іс-әрекеттеріміз де бала кездегі тәжірибемізге байланысты емес пе. Әрине, тікелей байланысты. Ата-ана болу оңай емес. Баламызды емес өзімізді тәрбиелеуімізге тура келеді, ал бала... бала деген Құдайдың бізге жіберген шансы. Ия, құдай бізге бала беру арқылы мүмкіншілік береді.
Біз ойлаймыз, баламызды ментальды математикаға беріп, шахматқа беріп, туған бойдан сауатын ашып, Гарвардқа жіберсек болды, аржағы автоматты түрде ғажап болады. Бірақ олай болмайды. Гений болсын, болмасын – балаға мінез керек. Ал мінез қалыптастыру – күнсайынғы шыдам, күсайынғы еңбек.
Сонымен, жоғарыдағыдай жағдай орын алғанда біздің реакциямыз қандай болуы дұрыс, көрейік.
- Менің тасбақам өліп қалды... таңертең тірі болатын
- О, жоқ! қиын болған екен, қап...
- Ол менің ең жақын досым еді...
- Ия, жақын досыңнан айырылу қайғы.
- Мен оған неше түрлі трюктер үйретіп едім...
- Ия, екеуің керемет көңілді ойнайтын едіңдер.
- Мен оған күн сайын тамақ беруші едім.
- Ия, сен оған қамқоршы болдың, білем.
Өкінішке орай көп ата-аналар басқаша сезімде болады. Олардың ойынша, егер баланың жылап-көңілі босағанын тезарада тоқтатып тастамаса – баласы ынжық болып өсетіндей қорқады. Бірақ бәрі де керісінше. Ата-анасының түсінгенін көрген бала тез өз сезімдерін жинақтайды, өзін қолға алады, өзі нәтиже шығарады. Бұл өмірде керек қасиет, ол адамды сындырмайтын қасиет.