Бізді құрметтейтін баланы қалай тәрбиелейміз
Біз баламызға «әлі есін білмейді, бала ғой» деп көп нәрсеге мән бермейміз. Соның салдарынан барлық нәрсеге, жақындарына, тіпті өмірге де салғырт қарайтын бала өсіреміз...
Мысалы.
Баламыз: Бүгін менің жаңа қызыл қарындашымды біреу ұрлап алды. Біз оған: біреу алғанына сенімдісің бе?
- Ия, мен дәретханаға кеткенде партаның үстінде болған.
- Өзің жүресің ылғи затыңа ие бола алмай, енді неғыл дейсің маған?
Немесе біз дереу шатынап ашуланып: Неге екенін білмеймін, әйтеуір сенің-ақ затыңды біреу ала береді! Қаншама рет айттым ғой саған, партаның астына қойып шық баратын жерің болса!
Бала: мені кінәлама!
- Қарсыласпа маған!
Дәл осындай сәтте, анасы немесе әкесі қарсы шабуыл жасаса, сұрақтар боратып жатса немесе айып тағып жатса, балаға өз ойын барлап айту немесе дұрыс ойлану қиын соғады.
Қалай ахуалды түзетуге болады?
-Біреу менің жаңа қарындашымды ұрлап алды.
- ааа, солай ма?
Мен дәретханаға кеткенде партаның үстіне ....
- Ыммм
- Осымен үшінші рет ұрлады.
- Охо!
- Мен енді түсіндім, мама, енді дәретханаға бармас бұрын заттарымды партаның астына қоятын болам!
- Түсінікті.
«Ааа, солай ма?», «ыммм», «охо!» деген сықылды қарапайым сөздер балаға көмектеседі. Және оның арызын мұқият тыңдасаңыз – бала да өз ойын, сезімдерін жинақтап, өз проблемасын шешудің жолын таба алады.