Бала өз сезімдерін ретке келтіріп алуы үшін 1. Жақсылап оны тыңдау керек. 2. Оның сезімдерін «ия...», «ымм...», «түсіндім...» деген секілді сөздер арқылы ынтаңызды білдіріңіз. 3. Оның айтып тұрғанын түсінетініңізді білдіріңіз, айтыңыз. 4. Оның не қалап тұрғанын білгіңіз келетін пейіл білдіріңіз. -— Әдетте біз алдымызға келіп өз сезімін, арызын айтып тұрған балаға қарамастан, өз ісімізбен айналысып отырып: «тыңдап тұрмын, айта бер» дейміз. Ал бала: Пәленше мені ұрды. Әке, сен естимісің мені? Біз өз жұмысымызбен міз бақпай отыра береміз. Бала: Сондықтан мен оның қарымын қайтардым, әке, естимісің сен? Әкесі: Сенің әрбір сөзіңді тыңдап отырмын. Бала: Өтірік, сен тыңдап отырған жоқсың. Біз: ия, мен сені де тыңдап отырмын, футбол да қарап отырмын. Бала: жарайды, енді маңызды емес. Өкінішке орай, «тыңдап отырмын» десе де назар аудармай отырған ересектің бұл қылығы баланы жабырқатары анық. / уақыт тез, бір күндері орын алмасатын кез де келеді... Сонда осы сәт қайталануы мүмкін, бірақ ол кезде әке мен баланың орындары ауысады, сонда біз «мына безбүйрек баланы мен тәрбиелеп өсіріп пе едім... деп таңғалармыз...»/ -— Қайтсек дұрыс болады? Бала: пәленше мені ұрды, мен оның қарымын қайтардым. Ол мені одан бетер қатты ұрды, әке есітіп отырсың ба мені? Осы кезде телевизор қарап отырған әкесі, баласына назар аударып, мұқият тыңдай бастады. Жүзінде «түсіндім, балам» деген ишара бар. Балаға осы керек еді. Соны көрген бала: Білесің бе, енді мен түгеншемен ойнайтын болам, ол ұрыншақ емес. Сөзін тыңдай білетін әкеге өз қиыншылықтары туралы айту да оңай. Мейлі мұндай кезде әкесі үндемесе де, оның баланы мұқият тыңдағаны да жетіп жатыр.

Теги других блогов: воспитание ребенок эмоции