Неше жаста отбасын құрған дұрыс? — Әрине, бұл мәселені әркім өз қалауынша шешеді, махаббат, куйдім-сүйдім, әке-шешеге немере сүйдіру... Өз басым 23 жасымда тұрмысқа шықтым, тым ерте шықтым деп ойлаймын. Қазақи есеппен бұл нағыз тұрмыс құратын жас. Бірақ өмірдің есебімен алғанда тым ерте. -— Расында да кім осы жаста тұрмыс құруға, бала тәрбиелеп өсіруге дайын? Меніңше бұл жаста дайын болу мүмкін емес. Себебі бала өсіру – әшиін гүл өсіру емес, хотя, гүлді де баптап әдемі өсіру үшін күтім жасауың керек. Ал бала өсіргенде тек оның қарны тоқ болсын, киімі көк болсын деп өсірсең – әрине жауапкершілік дегенді ысырып тастап үйленіп балалы болуға болады, бірақ бұл таяздық. Баланы өсіргенде тек материалды жағынан қамтамасыз ету жеткілікті емес, оның ішкі дүниесіне комфорт орнату бәрінен де маңызды. -— Әсіресе, кеңес дәуірінде өскен, кеңестік идеологиямен қоректенген біздерге жаңа заман адамын тәрбиелеп өсіру оңай емес. Біздің мемдерімізбен өскен біздің балаларымызға да өз балаларын тұлға етіп өсіру оңай емес. Қазір ойлап отырсам қаншама қателіктер жібердім. Кеңес дәуірінде байлыққа, жетістікке қарсы, негатив пікір қалыптасты, біздің ата-анамыз да «ақша қолдың кірі, байлықты адал жолмен табу мүмкін емес, байлар оңбаған адамдар» деген түсініктерді санамызға сіңірді. Осындай ұстаныммен өскен адамның байлық пен жетістік туралы өзіндік установкалары қалыптасады, әбден қанға сіңген мемдері болады.Бұл мемдер нағыз зиянкес сұмырайлар. -— Егер мен қазіргі заманда туған болсам – отыз беске келгенше өзімді әбден сенімді қалыптастырып, аяғыма нық тұрып, болжам-бағдар жасап тұрмыс құрар едім, алдымен өзім мықты тұлға болып алар едім, содан соң ғана бала туып тәрбиелеуге лайықпын дер едім. Себебі тұлға тәрбиелеу үшін өзің тұлға болуың керек. Бұл менің субъективті ойым әрине, артыма қарап, өз тәжірибеме қарап кейде осындай ойлар келеді. Бірақ, амал жоқ, өткен жылдар өтті-кетті, оны қайтара алмайсың. Алайда, егер прогрессивті көз-қарастағы адам болсаң өткен өміріңнен де көп жақсылықтарды көруге болады, өткеніңнен сабақ аласың, яғни солай болуы керек болған. Бұл да мектеп. Қателіктер керек болған. Қателіктер не үшін керек бізге? Әрине даму процессін тоқтатпау үшін... мүмкін солай шығар.Қатеңді көрмесең, оны түзетуге тырыспайсың, тоқтап қаласың. Бір орында. Онда өмір де тоқтады деген сөз.

Теги других блогов: балалар тәрбиелеу кеңес дәуірі