Өмірдегі әртүрлі мемдердің әсері
Мемдер дегеніміз ақыл-санамызға кіріп алған вирустар. Ол вирустар көбіне кішкентай балалардың ақыл-санасына кіріп алып кейін , есейген шақта да өз кесапатын жасайды, толық билеп алады және мақсаттарға жеткізбей тырп еткізбей қояды. Яғни бала шақтан бізді программировать етіп тастайды. Мем деген не? Мем де компьютерлік вирустар сияқты санаға кіріп алып, сол адамның есебінен көбейеді, күшейеді. Мысалы, «мына хатты оқып шығыңыз да әрі қарай он адамға жіберіңіз, әйтпесе...». Осындай хаттар электронды поштаңызға келеді және эмоцияңызға әсер етеді, сізді үрейлендіріп баурап алады.
—
Ақша, байлық пен жетістікке қатысты қаншама мемдер бойымызда бар. Бұл мемдердің мақсаты: бізді көп ақша табудан, жетістікке жетуден сақтап қалу, яғни кедергі болу. Осы мемдер біздің санамызды неге мұншама жайлап алған, себебі мемдер керек бізге. Не үшін керек? Өзіміздің өмірлік мақсаттарымызға жете алмауымызды ақтау үшін, дәрменсіздігіміз үшін ақталу үшін... Қауқарсыздығымызды ақтап алу үшін. Ол қандай мемдер?
- Бай адамдар – оңбағандар.
- Ақша деген жаман, адамды жолдан тайдырады.
- Кедейлік – жақсы
- Ары таза адам – кедей болады
- Бай болу үшін арсыз, ұятсыз болуың керек
- Байлық адам баласын аздырады
- Өмір бойы кедей болсаң – о дүниеде жаның жаннатта шалқиды
Мүмкін осы сөздерді бала шақта, мүмкін 5-6 жасар кезіңізде есіткен боларсыз, мүмкін молда кісіден есітіп қалған шығарсыз, әйтеуір сол кезде осы сөздер санаңызға қадалып кіріп қалды. Шығар емес. Енді есейгенде сізді кісенсіз ұстап, тырп еткізбейді. Міне осындай, мемдердің құдыреті!
Мемдер, биологиялық вирустар сияқты аса қауіпті. Осындай адам өміріне аса қауіпті вирустарды кім шығарады? Көбіне мұндай вирустар ақпарат құралдары арқылы тарайды. Олар ақпараттары арқылы немесе көңіл көтергіш бағдарламалары арқылы болсын әйтеуір өз вирусын тастап өтеді. Алаңсыз отырған көпшілік іліп алады.
Әсіресе балалық шақта қаншама вирустар ілініп санамызға кіріп алады. Мысалы, сіз бес жасар баласыз, отбасыңызбен машинада саяхатқа кетіп барасыз, жолда әдемі зәулім үйді көріп таңғалдыңыз. Ауызыңыз ашылып аңқайып қалдыңыз. Мұны байқаған анаңыз: «Мұндай зәулім үйде тұрғанмен де, сол байлардың көбі бақытсыз». Міне осы сөздер арқылы сіздің балапан санаңызға вирус кіріп кетті. Ол вирус енді өмір бойы: «Бақытты ақшаға сатып ала алмайсың!» – деп тұрады. Осы бағдарламаның сіздің «қатты дискіңізге» жазылып қалғанын өзіңіз байқамай да қалдыңыз. Енді бұл бағдарлама өмір бойы сізді басқаратын болады.
Сондай-ақ блокбастер- фильмдер де біздің кедей болғанымызды қорғайды. Неге? Мысалы «Титаник» фильмін көрмеген адам жоқ шығар. Бұл кинотуындыдан «кедей болу - құрмет» немесе «байлардан жақсылық шықпайды», «Ақша деген пәле» деген мимдерді сіңіріп аласыз.
«Қойыңызшы, бұл кино – махаббат туралы ғой»,- деуіңіз мүмкін. Ия, делік, махаббат туралы. Алайда, назар аударайық, киноның басында уайым-қайғысы жоқ авантюрист Джекті көреміз. Ол кедей, ол зәулім кемеге билетті ұтып алғандықтан тап болды.
Сонымен көріп отырсыз, «кедей адамның уайым-қайғысы жоқ, ол көңілді, жайдары» деген мемді ілдіріп алдық. Одан кейін бақытсыз Роузды көреміз. Неге ол бақытсыз? Себебі ол өзі сүймейтін сүйкімсіз бай жігітке тұрмысқа шығуы керек. Анасы соны қалайды, байға куйеуге шықса бүкіл отбасының жағдайы жақсарып қалады. Міне, екінші мем «ақша үшін арыңды сатуға, бақытыңды құрбан етуге тура келеді, ақша деген пәле » санамыздың төрінен орын алып алды.
Бір кезде Джек Роузға: жүр кеттік 3-ші классты каюталарға, міне сол жердегі адамдар нағыз көңіл көтеруді біледі, - деп шақырады. Әрине ол жерде адамдар ойнап-күліп шынайы мәз болып жатыр. Тап осы мезетте санамыз үшінші вирусты қағып алды: «байлар сондай тәкаппар, шын пейілмен ойнап-күле де алмайды, ал қарапайым адамдармен керемет көңіл көтеруге болады, себебі мен де сол көптің бірімін».
Міне, санамызға кіріп алып біздің әрбір басқан қадамымызды басқаратын вирустар осындай. Әсіресе баланың санасына «бай адамдар зәулім үйде тұрса да - бақытсыз» , «бақытты ақшаға сатып ала алмайсың» деген секілді мемдер кіріп кетсе, есейген шақта да ол ешқашан бай бола алмайды. Мейлі, көп еңбектеніп, тыраштанып бірқанша табыс табуы да мүмкін, бірақ бәрібір байлыққа қолы жетуі күмән.
/Үзінді Рэнди Гейджден тәржімаланды/