Сингапур – экономикалық ғажайып туынды — 1983 жылы 14 қазанда Сингапур телевидениесінен Ли Куан Ю-дың сөйлеген сөзі жарылған бомбаның әсерін туғызды. «Егер біздің, жоғары білімді ер-азаматтарымыз, өз ұрпағының жетістіктерге жетіп, жақсы өмір сүргенін қаласа, олардың өздеріне жар таңдағанда оқымаған, білімсіз, интеллектуалды тұрғыдан төмен әйел таңдауы нағыз ақымақтық», - деген сөздерім улы жылан шағып алғандай әсер еткені анық. Менің жұбайым Чу, елімізде мектеп бітірген, бірақ жоғары білімі жоқ әйел-қыздар саны оқығандардан әлдеқайда басым екенін алдын ала ескерткен болатын». — Әрине сайлауда мен үшін өз дауыстарын берген халыққа, «жар таңдағанда оқымаған ақымақ қыздарды таңдау - ақымақтық» деп айтудың өзі үлкен тәуекел болатын. Мұндай сөздерден соң сайлаудан жеңіс күтудің өзі күмәнді еді. Мұндай сөздермен ел алдына шығып сөйлеуіме статистикалық есеп негіз болды. Байқасақ, біздің ең сауатты деген оқыған әйелдеріміз ұрпақ қалдырмайды екен, себебі олардың дәрежесіндегі сауатты ер-азаматтарымыз ондай дарынды, оқыған көзі ашық әйелдерге үйленуден қашқақтайды екен. Ал қыздар, университет бітіргендердің тең жартысы бола тұра, үштен екісі күйеуге тимеген болып шықты. Себебі біздің азиат еркектер, мейлі қытай, индус немесе малай болсын, өздеріне жар таңдағанда білімі төмен, оқымаған қыздарды таңдаған. 1983 жылы, біздің жоғары білімді азаматтарымыздың тек 30 пайызы ғана оқыған қыздарға, ал қалған 70 пайызы оқымаған қыздарға үйленген. — Мен бұл аса маңызды проблемаға назар аудармауыма болмады. Сондықтан да мен біздің ер-азаматтардың шамына тимек болдым, себебі олар ескіше көзқарастардың сарқытын ұстанып қоғам дамуына тосқауыл қойып отырған. Мысал ретінде, АҚШтағы Миннесотада егіздерді зерттеу нәтижелерін келтірдім. Зерттеу барысында, әртүрлі жерде өскен егіздердің сыңарлары, бөлек орталарда қалыптасса да, зерттеу нәтижесінде, олардың сөздік қоры, өмірге көз қарастары, интеллект коэффициенттері /IQ/ бір-біріне жақын екендігі анықталған. Яғни, менің пайымдауымша, адамның тұлғалық қасиетінің 80 пайызы табиғатынан беріледі, ал 20 пайызы тәрбие арқылы. — Балалардың көбі қасиеттілікті ата-анасынан алады, тек өте аз мөлшері ғана интеллект жағынан ата-анасынан асып түседі екен. Сондықтан да, оқымаған қыздарға үйленген жігіттер өз ұрпағының университтерге түсіп білім алу мүмкіншіліктерін жоғалтып алған. Мен жігіттермізді білімі жоғары қыздарға үйленуге үгіттедім, ал оқыған көзі ашық әйелдердің екі немесе одан да көп бала тууларын қолдадым». 1960 жылдары дамымаған, ештеңесі жоқ, тіпті ішер суы да жоқ мемлекетті биікке көтеріп, бірінші деңгейлі мемлекеттер санына қосқан, атақты реформалар жасаған мемлекет басшысы Ли Куан Ю-дың мемуарларынан алынды.

Теги других блогов: экономика Сингапур ғажайып