Американдықтар өз балаларын қалай тәрбиелейді?
Бүгінгі күнде көптеген американдық аналар Магда Бергердің мектебін дәріптейді.
Магда Бергер кім? Ол ерте балалық шақ ұстазы ретінде АҚШ-та өте танымал тұлға. Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді дегендей, марқұм ұстаздан өшпес мұра ретінде оның мектебі, әдістемелік еңбектері мен кітабы қалды. Ол өз еңбектерінде ата-аналар мен тәрбиешілерге кішкентай балаларды туғаннан құрметтеу маңыздылығын, олармен тығыз қарым-қатынас құру жайлы жазды.
Магда Бергердің басты идеясы «бақылай отырып тәрбиелеу» болатын, яғни осы тәсіл арқылы сіз кішкентай сәбиіңізге не керек екенін, оның дамуына не қажет екендігін түсінесіз.
Автордың пікірінше бала өзіне тән жылдамдықпен дами алатын қасиетке ие, сәби өздігінше басқалармен қарым-қатынас жасай алады, өз қиыншылықтарын өзі шешеді, өздігінше сабасына түсе алады. Бұл оның табиғатынан берілген қасиет.
Сәби өзініңәр қимыл-қозғалысыныңата-ана тарапынан қадағаланып, үздіге қаралуы мен шектен тыс қамқорлығына, тым әсіре махаббатқа мұқтаж емес.
Сәбимен арадағы жарасқан әдемі қатынастың сыры: ата-ананың төзімділік танытып, баланы бақылауы, оның қалауын түсінуі, бағыт-бағдар беруі, бірақ басқару емес. Ең бастысы бүлдіршіннің жеке еркіндігін құрметтеу, баладан өз пікірі бар толыққанды тұлғаны көре алу. Сонда ғана сіз өзіне сенімді, өзін құрметтейтін азамат тәрбиелей аласыз.
Магда Гербердің басты ұстанымы күнделікті баланы қит етсе құтқара бермей, басына түскен қиыншылықтарды өзі шешуіне, жолындағы тосқауылдардан өзі өтуіне мүмкіншілік беру, оның ағзасына, денсаулығына қауіп төнбейтін жағдай туғызу, көмекке тек шамадан тыс себептер туғанда келу керек дегенге саяды. Осындай қарым-қатынасты балаға құрметпен қарап, бақылап тәрбиелеу деп түсіндіреді. Бала кішкентайынан өздігінше өмір сүруге, ешкімге тәуелді болмай, бар проблемаларын өзі шешуге ұмтыла алады. Және ол басқа балалармен өзі қарым-қатынас жасауға да қабілеті жетеді. Ал ата-ананың басты ролі – қауіпсіздік туғызу, баланың тұлға болып қалыптасуына кедергі туғызбау.