Қазақтар жапондар туралы айтқанды жақсы көреді Осы тақырыпта әңгіме өрбітейік. Жапон әйелдері баланың тәрбиесін өз мойындарына толық алған, әрине әкелер тәулік бойы жұмыс істеп қарасын да көрсетпейді, бірақ демалыс күндері олар өздерінің әкелік парызын белсенді атқаруға тырысады. Кішкентай балаларға бәрін түсіндіріп, бәрін көрсетіп, қоғамға бейімдеп өсіруге тырысады. — Мектептің бастауыш сыныптарында балаларға көп жеңілдік беріледі, ортаншы сыныптардан бастап сабақ күрделене түседі, ал жоғарғы сыныптарда балалардың бос уақыты мүлдем жоқ десе де болады. Соны ескерген жапондықтар жасөспірімдердің сабақтан тыс кезде үстеріне ала-бажақ, жынды киімдер киіп жүргендеріне күле қарайды. «Мейлі перебеситься етсіп қалсыншы» деген кеңпейілділік танытады, өйткені оларды алдағы кезде қаншама қиындықтар, өмірдің талай белестері күтіп тұрғанын біледі. Токио көшелеріне шықсаңыз неше түрлі киім киіп жүрген жасөспірімдерді, студенттерді көресіз, бұл туралы бүкіл әлем хабардар. Сол «странный» жастарды көруге шетелдіктер асығады. — Студент шағында да жапон жастары алаңсыз алабажақ шектен тыс еркін киінеді. Үлкендер ләм-мим деп сөкпейді, себебі жастар қалағанынша өздерін көрсетіп, іштегі барлық фантазиясын , эмоциясын шығарсын, алаңсыз шығарсын, бұл уақытша көрініс, бұл уақыт өтеді. Алда не күтіп тұр... — Алда оларды тынымсыз ерен еңбек күтуде, жоғарыдағы сән құру қалады, тек жұмысқа ынталы адамдар пайда болады. Үстеріне қоңыр костюм шалбар, ақ көйлек киген, шаштарын қысқа етіп алдырған, қолдарында кейс ұстаған азаматтар мен азаматшалар, күн сайын өздерінің «Гамбаттесін» жасауға жұмысқа кетіп барады. / «Гамбатте» - қолымнан келгенше бар күшімді салып ең жақсы ісімді тындырам – дегенді білдіреді./ Instagram@azhekalife@Q4_buziness_school#FB@Zhanat Zhan#sapalyqazaq@Telegram@ZhanatZhangaieva live#Ана-бала клубы#Кел балалар, оқылық#