Үлкен бала назардан тыс қалмасыншы
Бірінші бала дүниеге келгенде барлық назар, ықылас бірінші баланың еншісінде болады, ол бүкіл жылы ықылас пен махаббатқа, марапаттарға ие болады, бірақ... Көп ұзамай екінші бала дүниеге келеді. Сол сәттен бастап бірінші бала екінші орынға түсіп қалады. Артынан бала туылғанда бірінші бала лезде «сен үлкенсің ғой, сен ақылдысың, кішкентай бөпеге аға немесе әпкесің» деп бірден жауапкершілік жүктеледі. Баяғы бір өзіне деген сүйіспеншілік лезде тиылады. Бұл бірінші бала үшін стресс. Қит етсе болды бірінші балаға талап қойыла бастайды. Ол енді «үлкен, ересек бала». Күні кеше көзіміздің қарашығы болған бірінші баланың статусы төмен құлдырап кетеді. Енді қит етсе ол «сен өйтпе, сен бүйтпе» деген сөздер есіте бастайды, ал оның құлағы мұндайға үйренбеген. Міне осы кезде баланың жүрегіне қызғаныш пен реніш ұялайды. Ол өкпелі, күні кеше басына көтергендер енді, екінші бала дүниеге келген соң – бәрі оны «сатып кеткендей» күйге ұшырайды. Ол әрдайым өзінен кіші балаға «уступать» етуі керек, ойыншық ты да кішкентайға беруі тиіс, бала жыласа жұбатуы керек, тіпті колясканың жанында болуы шарт. Мұндай талаптар «бұл әділетсіздік қой» деген сезім туғызады.
—
Осы сәтте бірінші балаға, оның өмірінде болып жатқан осындай өзгерістерді екінші баланың дүниеге келуімен байланыстырмау керек. Керісінше оның мансабы өскендей, оның өсіп қалғандығы соншалық, ол енді өз ойыншықтарын, өз киімдерін өзі-ақ жинай алады, оның қолынан бәрі керемет келетіндігін айту керек.
—
Екінші бала қит етсе бірінші бала айыпты болатынын жақсы түсініп алып нағыз провокаторға айналады. Анасының көзін ала бере бірінші балаға өзі тиіседі, ал бірінші бала оған тиісті «жауабын» беріп жатқанда анасы көріп қалады да «бірінші бала кінәлі» болып қалады. Бұл әділетсіздік. Осындай жағдайларда бірінші бала жертва болып қала береді. Сол кезден бастап баланың жүрегіне реніш / обида жинала береді. Сол обида бүкіл өмірінде із қалдыруы мүмкін. Алдағы өмірде ол өзіне «жертва» бейнесін киіп алып өмір сүруге үйреніп алуы да мүмкін. Яғни, өмірбақи «жетва» болу оңтайлы, айналадағы әділетсіздікке шағымдану да оңтайлы. Мұндай жағдайда баланың тұлғалық, лидерлік қасиеттері сол күйі ашылмай қалу қаупі бар.
Балалардың арасында татулық пен туыстықты сақтап қалу керек, сондықтан да бар мейірім мен ықыласты кіші балаға бере бермей, бірінші балаға да назар аударып тұру керек, сонда толыққанды, өзіне сенімді, жігерлі болып өседі. Ең бастысы: бірінші баланы «нянькаға» айналдырып, бар кінәны сол балаға үйіп төгуден аулақ болу керек. Әйтпесе бірінші балада «кішкентай болған жақсы, оның жолы болғыш-ақ, оны бәрі жақсы көреді, оған барлық еркеліктеріне кешірім бар» деген түсінік қалыптасады.
—
Әрине ата-ана барлық баласын жақсы көреді. Бірақ кішкентайды үнемі қолпаштайды, ол нағыз «король» болып өседі. Тіпті ол 20 жасқа келгенде де сол баяғы «кенже» статусы сақталады. Мұндай жағдай да кері әсерін тигізеді. Сондықтан да балаларға бірдей назар аударуға тырысу керек. Олай болмаған жағдайда бірінші баланың жүрегінде ата-анаға деген, кіші інісіне, қарындасына деген өкпе мәңгілікке сақталып қалады. Өкпе ренішпен өмір сүрудің зиянды жақтары жетерлік.