Кешірім туралы аңыз Бір әйел өлім аузында жатқанда Ажал келіпті, әйел оған күлімсіреп қарап: —- — Мен дайынмын,- депті - Неге дайынсың? – деп сұрапты Ажал - Құдай мені жұмаққа алуына. - Құдай сені неге бірден жұмаққа жіберуі керек, неге олай ойлайсың? - Мен өмір бойы азап шектім, ешкімге жамандық жасамадым, бүкіл ғұмырымда ата-анама жақсы перзент болуға, жарыма адал болуға, балаларыма жақсы ана болуға жұмсадым. Бірақ, ата-анамнан үнемі таяқ жедім, мектепте сыныптастарым жәбірлейтін, күйеуім ылғи да көзіме шөп салды, балаларым мені сыйламады, өлейін деп жатқанда жаныма келмеді, жұмысымда бастығым ұрсатын, айлығымды бермей, жұмыстан қуды, мен тек әділетсіздіктен басқаны бұл өмірде көрмедім.Бір күні бір бұзақы мені тонап кетті, ол аздай ол зорлап кетті. - Ал сен өмірде қандай жақсы істер жасадың? – деп сұрапты Ажал - Мен әрқашанда мейірімді болдым, мешітке барып дұға жасайтынмын, енді сол көрген азаптарым үшін жұмаққа баруыма болады. - Жарайды, түсіндім, енді сен мына қағазға қол қойып, осында жазылған талапқа келісім берсең болды – жұмаққа барасың. Әйел қағазға қарап, онда жазылған талапқа қол қойып келісім беруден бас тартыпты. Қағазда «Мен өзімді жәбірлегендерді кешірдім, мен кімге жамандық жасасам – солардың бәрінен кешірім сұраймын», - деп жазылған екен. - Сен неге оларды кешіре алмайсың? - Себебі мен ешкімге зияндық жасамадым, егер де оларды кешірсем, ештеңе болмағандай болам, олар жазаға тартылмайды да. - Сені жәбірлегендерге қандай сезімдесің? - Мен оларға ренжулімін, оларға деген жеккөрушілігім басым, оның бәрін ұмыту, кешіру менің қолымнан келмейді. Мұндай әділетсіздіктен қаным қайнайды. - Егер бәрін кешірсең, болған әділетсіздіктерді ұмытсаң қайтеді, мүмкін жеңілдеп қаларсың? - Егер мен олардың бәрін кешірер болсам – ішім босап қалады. - Сенің ылғи да ішкі дүниең бос болған, сол қуыс кеудең сенің өзіңді де өміріңді де құнсыз еткен, ал сенің бойыңдағы реніш пен ашу ғана сенің өміріңнің мәні де мағынасы да болған. Енді айтшы, неге сенің бүкіл өмірің мәнсіз болды? - Мен өмір бойы өзім жақсы көрген адамдар күндердің күнінде мені бағалайтын болар деп күттім. Бірақ олар мені бағаламады. - Құдай адамды жаратқанда: Әлем өзіңнен басталады деген. - Оны қалай түсінуге болады? - Ол деген, өміріңде болатын барлық жәйттерге тек өзің жауаптысың. Азап тартасың ба немесе бақытты боласың ба – бәрі өз қолыңда, - дегенді білдіреді. - Сонда сенің өміріңнің осындай мәнсіз болуына кім кінәлі болғаны? - Сонда өзім кінәлі екенмін ғой... - Олай болса сен кімді кешіре алмайсың? - Өзімді ме... деп жылапты әйел - Өзіңді кешіру – өз қатеңді мойындау, өзіңді кешіру – өзіңнің жетілмегеніңді қабылдау, өзіңді кешіру –өз арыңды ашу. Сен өзіңді өзің азапқа салдың. Сол үшін басқаларды айыптап жүрдің. Сен олардың жазалануын күттің. Сөйтіп Құдай өзіңді құшақ жая қарсы алады деп ойладың. Сонда Құдай ақымақ біреу болғаны ма, сен сияқты ашу-ыза кернеген, өзін өзі азапқа салғандарға есігін айқара ашатын? Сонда ол жұмақты сен сияқтыларға толтыру үшін ашқан ба? Егер де сен алдымен өзіңе, одан соң басқаларға өз өміріңде жұмақ жасай алсаң ғана, сенің сол жұмағыңды өзіңе де басқаларға да жайлы ете алсаң ғана Құдайдың жұмағына сұрана аласың. Сондықтан да Жаратқан маған сені кері қайтар деп бұйырды. Қайтып бар да өз әлеміңді махаббат пен қайырымдылыққа толтыр. Сен білесің бе, өзін мінсіз анамын деп санайтын әйелдерге, көз алдында тағдыры сынып жататын перзенттер жібереді... - Түсіндім, мен өз күйеуімді махаббатыммен ұстай алмадым, балаларымды бақытты ете алмадым, менің айналамдағылардың бәрін азап шектірдім... - Неге солай болды? - Мені бәрі аяп мүсіркегендерін қаладым. Бірақ ешкім де мені мүсіркемеді. Құдай мені аяп құшағына алар деп ойладым. - Есіңде болсын, бүкіл әлемде өзіне аяушылық пен мүсіркеушілікті шақыруды қалайтын адамдар – өте қауіпті адамдар. Ондай адамдарды – «құрбан» адамдар дейді. Сіздің қателігіңіз: Құдайға өңшең құрбан адамдар керек деп ойлауыңызда. Ол ешқашан да өзі жасаған жұмаққа өмірінде азап пен бақытсыздықтан басқа еш жақсылдық жасамаған да көрмеген де адамдарды кіргізбейді, Неге ол өзі жасаған сондай тамаша әлемге сен сияқтыларды кіргізіп азаптың тұқымын себуі керек екен? Келген ізіңмен кері қайт та алдымен өзіңді бағалауды, өзіңді жақсы көруді үйрен, содан соң жаныңдағыларды жақсы көр, бағала. Бар да алдымен өзіңнен кешірім сұра, өзіңді кешір! Әйел көзін жұмды да өмірге қайта келді... бірақ басқа атпен, басқа ата-ананың перзенті болып.

Теги других блогов: өмір кешірім әділетсіздік