Оқу, біліктілікті арттыру – өмір бойғы, туған бойдан өлгенше жалғасатын процесс Оқу процессі ешқашан да бірқалыпты болмайды, ол үнемі даму үстінде , үнемі өзгерісте болуы дұрыс. Білімнің біздің өмірімізде орны бөлек, ол бізге ойлауға, талдау жасауға, шешімдер қабылдауға , қоршаған ортаны тануға және сол ортада өмір сүруге көмектеседі. Білім алуда отбасының, біз оқыған оқу орындарының орны айрықша. Сонымен қатар адам өзі де өз біліктілігін арттырып отыруы керек. Ал жұмыс беруші үшін қызметкердің біліктілігі мен білімін үнемі көтеріп отыруға деген ынтасы маңызды. Жапон компанияларында жұмысқа келген маманның білім дәрежесімен қатар жұмыс саласын тез меңгеріп кетуі және жаңа нәрселерді білуге құмарлығы қатты бағаланады, себебі ондай мамандардан компания үшін пайдалы, креативті қызметкерлер өседі. — Бір жыл тоқ болғың келсе – жерге дән сал, ағаш өсірсең - он жыл бойы азықтан кемшілік көрмессің, ал дұрыс адамдар өсірсең - өмір бойы жемісін көресің, - қытай мақалы бар. Тойота компаниясы: біз тек машина жасамаймыз, адамдарды жасаймыз, - дейді. — Дарындылық – туғаннан ба әлде оны дамытуға бола ма деген секілді дискуссиялар болып тұрады. Ал Тойота компаниясының ұстанымы: бізге дарынның ұрығын беріңіз, ал біз оны мәпелеп егеміз, топырағын құнарландырамыз, көбейтеміз, ал келешекте оның жемісін жейміз- дейді. Тойота компаниясының әдісі бақты бағып қаққан бағбан секілді. — Джеффри Лайкердің «Дарынды қызметкерлер» атты кітабында әлемге аты әйгілі Тойота компаниясының жылдар бойы жемісті еңбек атқарып келе жатқан құпиясы жайлы әңгімелейді. Оның құпиясы , компанияның өз қызметкерлерін баптауында. Сонда, автордың пікірі бойынша табиғаттан берілген дарын тек он пайызды ғана құрайды екен. Ал компания қызметкерінің 90 пайызы тынымсыз еңбек пен ізденістердің жемісі. Міне, Тойота компаниясының сыры осында, олар білікті маманды баптап, үйретіп, егер ол іздемпаз болса оны ары қарай шыңдап мастер жасайды. — Осы кітапты оқып отырып, еріксіз күлдім, менің ойым Тойота компаниясының саясатымен үндесіп тұр. Мен де біздің қазақ балаларын алғыр, зерек, тәрбиелі, елді биіктерге шығаратын етіп тәрбиелейтін жас аналар компаниясын құрсам деймін. Елімізді, ғылымымызды биіктерге шарықтататын – тек қана болашақ ұрпақ. Ал сол ұрпақты баптайтын – аналары. Ал біз сол аналармен жұмыс жасаймыз. — Тойота компаниясының мызғымас 14 принципінің алтауы адамдарды дамыту және оқыту, біліктілігін көтеруге байланысты. 1. Тойота үшін адамдардың біліктілігін арттыру мақсатында құйылған инвестиция маңызды. 6 принцип: тәжірибелі қызметкерлер де үнемі біліктілігін арттырумен қатар өздерін дамытуды тоқтатпайды. 9 принцип: Өз ісін жақсы білетін, компания философиясын әбден меңгерген және басқаларға үйрете алатын лидерлер дайындау. 10 принцип: компания философиясын биіктерге жетелейтін, командада жұмыс жасауға бейімделген аса дарынды адамдар өсіру. 11 принцип: Тауар беретіндерді / поставщиктерді/ құрметте, олардың алдына қиын талаптар қоя біл, және сол талаптарды орындауға көмектес. 14 принцип: Тынбай өзіндік анализ жасау және даму арқылы оқытатын жүйе құр. Тойота компаниясындағы кез-келген үлкен-кіші басшының міндеті – адамдарды үйрету, оқыту. Тойотаның мәдениеті: жетістіктің кілті – адамдардың біліктілігін көтеруде. Адамдар – ең құнды ресурс екенін бүгінде көптеген компаниялар ұғынуда. — Біздің еліміздің де болашағы тек адамдарға, біліктілігі мен біліміне, рухына, ғылымға байланысты. — Әлемде осындай биіктерге ұмтылыс болып жатқанда біздің сол ұмтылыстардан тысқары жерде тек байқаушы /наблюдатель/ ретінде қалмай, сол ұмтылыстардың дәл ортасында тасымыз өрге домалап жүргеніне ынталануымыз керек. Q4_buziness_school@ismailgulan#balabolashaq#

Теги других блогов: оқу біліктілік Тойота компаниясы