Ата-ана баланың бапкері — Бүгінгі таңда біздің дарынды балаларымыз әртүрлі салаларда жетістікке жетіп жатыр. Дарынды балалар тұрғысынан Қазақстан қазір Ресейден соң, екінші орында. Осы дарынды балалардың әрқайсысының артында ата-анасы тұр. — Мысалы, шахматшы қызымыз Жансая. Оны осы спорт түріне баулып, баптаған кім? – Әрине Жансаяның әкесі. Ол Жансаяның шахматқа қызығушылығын байқады, қолдады, өзі алғашқы бапкері болды. — Сол сияқты Софи Манасян деген кішкентай дарынды биші қыз бар, қазір ол АҚШта тұрады. Оның дарынын, қасиетін дер кезінде байқаған әкесі мен анасы Софиға қолдау көрсетіп келеді. — Скрипкадан тамаша жетістіктерге жетіп жүрген Руслан Турунтаевтың да ең алғашқы ұстазы, қолдаушысы әкесі. — Мұхамедали Жугунусов деген балдырған да ерте жастан өз өнерімен танымал болды. Оның да ұстазы, бапкері анасы мен әкесі. — Математикадан халықаралық олимпиадалардан жеңіске жеткен қазақ балалары аз емес. Олардың әрқайсысын алып қарасаң да, артында қолдаушысы, бапкері, сыншысы, ұстазы тұр, ол – ата-анасы. Байқап отырғаныңыздай, мектеп пен балабақша біздің балаларымызды тәрбиелеп, немесе, білімді етіп бере алмайды, ең бірінші ұстазы да, бапкері де сыншысы да баланың ата-анасы. — Атақты Томас Эдисон анасына мектеп мұғалімінен хат әкеп беріпті. Анасы көзіне жас алып дауыстап оқып бергенде былай депті: «Сіздің балаңыз – гений. Біздің мектебіміз кішкентай ғана, сіздің ұлыңыз секілді кемеңгерді оқытуға біздің шамамыз жетіңкіремейді. Оны үйде өзіңіз оқытыңыз.» Кейін Томас Эдисон атақты ғалым болған шақта сол хатты тауып алған, онда былай жазылған екен: «Сіздің балаңыздың ақылы кеміс, оны дені сау балалармен оқыта алмаймыз. Уйге алып оқытыңыз». Мұны оқыған Томас Эдисон жылап отырып, күнделігіне: Мен жасымда кеміс болғанмын. Тек анамның қайсарлығының арқасында мен танымал гений-ғалым бола алдым, - жеп жазып қойған екен.

Теги других блогов: тәрбиелеу ата-ана дарынды балалар