Чайлдфрилер көбеюде Қыз баланың тұрмыс құрып дүниеге бала әкелуі табиғи міндетті құбылыс болып есептелетін. Бұл әйелдің өмірлік функциясы, социум үшін әдеттегі міндеті еді. Қыз бала оқу бітіріп, тұрмысқа шығып, балалы болу... бірақ сол кездің өзінде саналы түрде баласыз адамдар болды, бірақ олар аз болатын. Алайда бүгінгі күн ондай адамдар, жастардың арасында күн сайын көбейіп барады. Childfreeлер өздерін балалардан азат адамдар ретінде, саналы түрде, баласыз ғұмыр кешуді мақсат еткен, жас адамдар. — Childhateрдің де саны артып барады, бұлар баланы суқаны сүймейтіндер. Баланы өмірге әкелген, бірақ кейін өкініп қалған, неге ғана осы баланы тудым екен дейтіндер де өздерін чайлдфрилер санатына қосады. Кейбір, өздерін биік мақсатқа, өнерге, ғылымға бағыштап саналы түрде бала туудан бас тартқандар да чайлдфрилерге жатады. — Чайлдфрилер өздерінің балалы болуды қаламайтындығы жайлы мың сан пікір айтады, мысалы: баланың кесірінен артық салмақ қосу, сүйікті ісімен айналыса алмау, әлемде азық-түлік азайып бара жатқанда, өмір сүру темпі тездеткендіктен, күн көріс қиындығынан, кедей-кепшіктерді көбейтіп не керек деген сықылды. — Жалғызбасты аналардың қиналғанын көрген, ашынып: неге ғана сені дүниеге әкелдім екен, басыма бәле болдың ғой – деген сөздерді есітіп өскен бала да есейгенде чайлдфри болып шығуы мүмкін. Чайлдфри емес адамдардың өзі балалы болуды эгоистік көзқарастан ойластырады, мысалы, «артында тұяқ қалдыру», қартайғанда «су беретін» адам болу үшін. — Қазіргі кезде өмір сүру де қиындап бара жатыр, стабильді емес ақуал, кедейлік, ақшаның жетіспеуі де себеп. — Біздің елімізде де соңғы кезде, әкесі немесе анасы баласын тастап кету ашық көрініс ала бастады. Яғни чайлдфрилер бізде де көбеюде. Адамдарда сенім жоғалуда. Бала туып, оны асырап, бағудың орнына өзі жақсы өмір сүргісі келеді, себебі алдағы күнге деген сенім жоғалуда. Осылай жалғаса берсе «жер бетіне адам симай кетеді» деген қауіп жоғалып, адам жетіспейтін уақыт та келуі мүмкін шығар. Ал сіз қалай қарайсыз, чайлдфрилер туралы пікіріңіз қандай?

Теги других блогов: чайлдфри өмір сүру балалық