Магда Бергердің балаға қатысты әдістеріне тамсанам. Оның басты қағидасы: баламызға біз құрметпен қараумыз керек, міндетті түрде.
1. Баламызбен табиғи түрде, яғни дауыс ырғағымызды өзгертпей, асықпай түсінікті тілде сөйлесеміз.
2. Баланы бізбен сөйлесуге ынталандырамыз яғни сұрақтар қоямыз да асыкпай күтеміз жауабын
3. Баланы жаялық ауыстыруға тамақ жеуге, ойын ойнауға белсенді қатысуына жағдай жасаймыз, яғни үнсіз оның қатысуынсыз өктем түрде бұйрық беруді тоқтатамыз.
4. Кейде бала өздігінше ойнағысы келсе ерік береміз, оған сенім артамыз, қолдаймыз
5. Бала өзінің қимыл қозғалысын, ойламын өзі реттеуіне ықпал жасаймыз сенім артамыз
6. Біз баланың өздігінше ойнауына, оның көшбасшылық әрекеттеріне қолдау көрсетеміз
7. Балаға өз эмоциясын шығаруына тиым салмай, керісінше қолдаймыз!
8. Біз баламызға өзіне сенімділік сезінуіне көмектесеміз,оны ұрсып, ұялтып, жекіп – нәтижесінде оның өзіне деген сенімділігін жоюға құқымыз жоқ
9. Баламызға өз жасына қарай өз мәселелерін өзі шешуіне көмектесеміз
10. Біз өз өнегеміз ең басты екенін мәңгілікке түсінеміз, біздің мейірімділігіміз, жомарттығымыз, әділдігіміз, еңбексүйгіштігміз - ең күшті құрал.
Магданың әдісінің ең күшті жері баламен ата ананың карым қатынасына керемет әсер етеді өзара сыйластық өмір бойы қалыптасады.
Сіз осы қағидалармен келісесіз бе?