Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді
Осы сөздерді қалай түсінеміз. Белгілі бір фельетоншының кітабында мынадай: «Халқы қандай болса – билігі де сондай. Халқы қандай болса – мілисасы да, депутаттары да, әскері де, медицинасы да сондай» - деген сөздер бар.
Осы түсініктің маңызы зор. Билікті сынаймыз, наразы боламыз, бірақ сол билікке біз өзіміз лайықпыз.
Азамат тәрбиелеу оңай емес. Бірақ азаматты тәрбиелеу көзге көрінбейтін майда-шүйда нәрселерден құралады.
—
Мысалы, Айман, жас келіншек, сәбиін керемет жақсы көреді, оны кішкентайынан әртүрлі үйірмелерге апаруды жоспарлап қойған. Бүгін де міне, сәбиіне ертегінің суреттерін көрсетіп, әлі тілі де шыға қоймаған балаға көп ойындар ойнатты. Бір мезетте, телефоны шылдырлады, ол баланы қоя салды да жүгіріп шығып басқа бөлмеге телефонмен сөйлесуге кетті. Ал қазір ғана ойнап, шықылықтап күліп жатқан бала жылап, қып-қызыл боп булығып жылап жатты...
Міне, дәл осы моментте баланың құқығы тапталды.
Қалай ойлайсыз, Айман не істеуі керек еді? Әрине, Айман алты айлық балаға барынша мейрімді дауысымен: жаным, мен қазір келем. Мамаң телефонмен сөйлесіп болған соң келеді, деп басынан сипап, дауыс ырғағымен баланың қорқынышын сейілтіп барып шығуы керек еді. Себебі табиғаттың заңы бойынша бала әрдайым анасымен тығыз байланыста, сондықтан да бала анасы көзден таса болған сәтте үрейленуі түсінікті жәйт. Балаға үнемі түсіндіріп отыруды әдетке айналдыру керек. Меніңше бұл ақ нәсілділердің ең басты ережесі.
Осылай, баламызға туған бойдан құрмет көрсетсек, оның сезімдерін сыйласақ, онымен санассақ – біз әлемді тербейміз, яғни әлем азаматын өсіреміз. Мұндай бала өскенде өзі де басқалармен санасатын болады, басқалар да онымен санасатын болады. Осындай ұрпақ ертеңгі күні билік басына келгенде де әр қадамын, әр шешімін қабылдағанда - халқының пікірімен санасатын болады.