Төбелескіш, сотқар балалардан қалай қорғанамыз?
Жас аналар балаларын ертіп аулаға, ойындар ойнайтын жерге шығады. Әрине баланы серуенге шығару керек, ойнату керек. Жалпы бала ойын арқылы өседі, айнала-орта туралы ойы да ойын арқылы қалыптасады, ойын арқылы өмірмен танысады. Әрбір бала күніне 5-6 сағат белсенді қимыл-қозғалыста болады. Бұл норма.
Серуенге шыққанда балаңыздың қолындағы ойыншығын тартып алатын, итеріп жіберіп құлататын балалар болады. Баласы жәбір көріп жылап қалғанда жас аналар қатты қиналады, тіпті ұрысып та қалады. Осындай жағдайда не істеу керек?
—
Егер де балаға жақтасып сотқар балаға ұрыссаңыз – балаңыз нәзік, қит етсе сіздің жақтасуыңызға сүйеніп алатын, бірден жылай салатын жылауық бала боп өседі.
—
Егер де өз балаңызды ұрысып жазаласаңыз – сіз қателік жасайсыз! «Сдача қайтар, ұр-соқ», - деп айтақтау да керек емес. Сіз балаңыздың өмір бойы өзіне қарсы келген бұзақылармен соқтығысып жүргенін қалайсыз ба? Жоқ әрине.
—
Егер де сіздің балаңыз сотқар болса ше? Не істеу керек? Бұл сіз үшін сигнал, балаға тату ойнауды үйретіңіз, ол қоғам мүшесі ретінде адамдармен тіл табысуды бала кезден үйренуі керек. Сіз басқа баланың анасымен тіл табысыңыз. Ойыншыққа төбелесіп қалатын болса – «бірге ойнаймыз» - деп үлгі көрсетіңіз. Запас ойыншық алып шығыңыз, сотқарға ойыншық ұсынып көріңіз, кезектесіп ойнайық деп көріңіз. Немесе ойыншық ауыстырып ойнатыңыздар.
—
Ал егер де басқа бала өте агрессивті, сөзге көнбейтін озбыр болса – балаңызға өз мінезіне сай келетін басқа дос табуыңыз керек. Сондай бала тапсаңыз, оның анасымен қарым-қатынас түзіңіз. Мінезі келісетін балалармен дос болуды кішкентай кезінен үйрету керек. Мектепке барғанда да балаңыздың кімдермен дос, өзара келісім-сыйластықта ма жоқ па – сіз хабарыңыз болуы керек. Алдағы уақытта да баланың араласатын, достасатын ортасы - баланың тағдырына әсер етеді.
—
Жапон аналарының тәжірибесіне қарасақ: олар , екі ана да өз балаларымен бірден әңгімелесіп түсіндіріп жатады. Олар өз балаларының темпераментіне сәйкес басқа баланы ұзақ байқап, зерттеп, сол баланың анасымен жақын араласуды жоспарлайды. Сосын, қай уақытта қай жерге барып ойнайтындарын алдын-ала белгілеп, сол жерге барады, ал балалар «кездейсоқ кездесіп» қалып тату-тәтті ойын ойнайды. Аналар, балаларының тіл табысқанын көрген соң ары қарай бірге ойнайтын шаралар ұйымдастыра береді, мүмкін бірге паркке қыдыру, немесе бірге роботтарды тамашалауға шығуы, тіпті бір-бірінің үйіне барып ойнаулары да мүмкін.
@q4_buziness_school#bakyttybalakai
