Балаңызға шет тілін үйреткіңіз келе ме? --------------------— Туған бойдан балаға бірнеше тіл үйретуге болады. Бір қызығы, бала интуитивті түрде тілдерді шатыстырмай тез меңгеріп алады, бірақ ескеретін біраз жәйттер бар. -— Баланың тілі тек ана тілінде шыққаны дұрыс, себебі ол баланы қоректендіретін, күш беретін, рухтандыратын, отанымен байланыстыратын, тарихымен ұштастыратын тілі. Яғни, балаңыз мықты болсын десеңіз ана тіліңіздің барлық сұлулығын, құдыретін берініз. -- Әрине, балаға биік дәрежелі әдемі, көркем, сауатты ана тілін көрсету керек. Тәрбиенің көзі құр сөзде емес, ата-анасы мен айналасының үлгісі деп алсақ – үй-ішінде, өзара сөйлескенде үлгілі тіл мәнерін көрсету керек. Әдемі сөйлеу, сыпайы дипломатты сөйлеуге баланы міндетті түрде туған бойдан үйрету керек, себебі оның болашағы соған да байланысты. -- Егер баламен «бала тілімен» яғни сақауланып, сөздерді бұрмалап сөйлесеңіз тілдің өзіндік әуенін, мелодиясын, тілді ерекшелендіріп тұратын мелизмдерін сіңіре алмайсыз. Ал өз ана тілін сүйіп өсу үшін оны барынша сүйкімділігін арттырып демонстрациялау қажет. — Тілі өзге тілде, немесе орыс тілінде шыққан қазақ балалардың құлағына қазақ тілі сүйкімсіз және қазақ тілі ылғи да дөрекі добал сөздерден құралатындай естіледі. Мұның салдары түсінікті екенін өзіңіз де білесіз. -- Өкінішке орай, қазақ тілінде жаңа туған балаларға арналған ертегілер жоқ, сондықтан аналар өздері шамасы жеткенше ертегі құрап шығармашылық танытса өзі үшін де, бала үшін керемет болар еді. Мысалы, әлі тілі шығып үлгермеген баламен міндетті түрде сөйлесу керек, оған екі-үш сөйлемдік ертегілер құрап айтуға болады. Мұндай жағдайда ролдік сахналастыруларды ойластыру керек. Ойыншықтармен. — Мысалы, түрлі-түсті сылдырмақты баланың көз алдында мән-мағынасыз: тшш тшшш, мынаны қара, шшш, қарашы міне, - деп сылдырлата бергенше, оларды сөйлетіңіз: Мынау жасыл сылдырмақ: Мен домалақ жасылмын, мен жапырақ сияқтымын, жап-жасылмын, ал қызыл сылдырмақ: мен де домалақ қызылмын, тәтті алма сияқтымын, қып-қызылмын, сылдыр-сылдыр, кел, екеуміз дос болайық! -- Міне бұл сіз құрастырған кішкентай ертегі. Осы ертегі арқылы сіз отыз секундта балапаныңызға көөөөөп мәлімет, көп білім бердіңіз. Біріншіден, сіз оған жасыл-қызыл түстерін айттыңыз, домалақ формасын, жапырақ туралы, тәтті алма туралы айттыңыз, бірге тіл табысып достасу туралы түсінік қалыптастыра бастадыңыз. Әлі тілі шықпаған болса да ол – адам, ол үндемей жатып-ақ тілдік қор жинап жатыр. Ал сіз оның кругозорын байыта бастадыңыз. . Образды ойлауды, фантазиясын оята бастадыңыз, абракциялы ойлауды оята бастадыңыз -- Абстракциялы ойлау қабылеті – ең биік дәрежелі ойлау болып табылады. Мұндай балалардан Илон Маск, Стив Джобс секілді әлем өзгертуге бағытталған тұлғалар өсіп шығады. Балаға бірден энциклопедияның құрамын беру қажет емес, «тамшыдан – көл» эффектін қолдану керек. Бұл іс қатты напрягаться етуді талап етпейді, жәй ғана сабырлық пен ұқыпты жүйелілік керек. /ненавязчиво/. Q4 Business School#Bala tarbiesi#Бақытты бала#